Қасқасуда ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы ұлықталды

Қасқасуда ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы ұлықталды

Қасқасуда ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы ұлықталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Төлеби ауданында ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығына арналған халықаралық V форум өтті деп хабарлады turkystan.kz. Форум қатысушылары шара басталмас бұрын Бекасыл баба кесенесіне барып, Құран бағыштады. Музейімен танысты. Кеңесарық ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қасқасуда қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келіп, Президенттің құттықтау сөзін оқыды. «Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келіп, ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан ғұламаның «Зикзал» атты еңбегі халқымыз үшін асыл мұра. Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен ұстаз деп мойындап, оның «Зикзал» атты еңбегін баға жетпес құнды ғылыми туынды деп бағалаған» делінген Президент құттықтауында. Сондай-ақ атаулы шараға белгілі мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов, мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, Қырғыз елінен келген делегацияны бастап келген халық ақыны Кожогелді Күлтегін мен Жоғарғы кеңесінің экс-спикері Зайнидин Құрманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысса, форум модераторы Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек модератор болды. Спикерлер баба рухына арнап сөз сөйлеп, шара туралы ойларымен бөлісті. Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты тағылымы мол шығармасы жайында Зәріпбай Оразбай, Бекасыл Биболатұлының аңыз-әңгімелері жайында Сауытбек Абдрахманов, Алтынбек Құрманов форум қатысушыларына баяндама оқыды. Автордың «Зикзал» атты еңбегінің бүгінгі күнге жету тарихы туралы Анарбек Орман баяндады.