GGG - Canelo: «Қазылардың шешімімен келіспеймін» - Азат Перуашев

GGG - Canelo: «Қазылардың шешімімен келіспеймін» - Азат Перуашев

GGG - Canelo: «Қазылардың шешімімен келіспеймін» - Азат Перуашев
ашық дереккөзі
Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев GGG мен «Канело» арасындағы трилогияға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 
- Генамыз жақсы деңгейде жұдырықтасты. Қазылардың шешімі бойынша бүкіл раундта «Канело» жеңген екен. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Меніңше, Генамыз үш-төрт раундты өз пайдасына шешті. Жекпе-жек барысында Головкиннің жылдамдығы бәсеңдеп қалғанын байқауға болады. Және аяқпен қимылдауы да азая берді. Бокста ең маңызды дүниелердің бірі -  қозғалыс пен дистанция екені анық. Геннадий осы бағытта шамалы бәсеңсіді. Дегенмен, Головкин біз үшін әрқашан чемпион. Ол біздің брендіміз, - деді депутат.
Сонымен қатар ол Головкин 7 раундтан кейін нокаутқа жібереді де үміттенген.
- Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін екі жекпе-жек өткізді. Ол кезде екеуі белсенді түрде бірін-бірі әбден  танып алды. Ал бүгінгі айқаста интеллектуалды боксқа көшті. Яғни, әрбір соққысын ақылмен жұмсады. Өкінішке қарай, осы жолы жеңіс бұйырмады. Қазақстандықтар үшін GGG чемпион! - дейді Перуашев.