Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады

ашық дереккөзі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады

Кеше коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 жағдай тіркелсе, кейінгі тәулікте 100 адамнан анықталды деп хабарлады turkystan.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 505-ке жетті. Оның ішінде: Астана қаласында - 21, Алматы қаласында - 13, Ақмола облысында – 6, Ақтөбе облысында – 6, Атырау облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 15, Ұлытау облысында - 4, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 4, Түркістан облысында - 3.