Жаңалықтар

Әли Ахмедов мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді

ашық дереккөзі

Әли Ахмедов мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) Лас-Вегаста (АҚШ) Геннадий Головкин - Сауль «Канело»  Альварес  арасындағы бокс кешінде өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Ахмедов тәжірибелі америкалық боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасты. Супер орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланды. IBF (Солтүстік Америка) және WBC Silver титулдары бәске тігілді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Ахмедовқа берді. Осылайша, 27 жастағы Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп, екі чемпиондық белбеуді жеңіп алса, Габриэль Росадо кәсіпқой рингтегі 16-жеңілісіне ұшырады. Росадо 2013 жылы Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жұдырықтасып, жетінші раундта нокаутқа түскен еді.