Павлодар облысында өрт сөндіруші қаза тапты

17 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Павлодар облысында өрт сөндіруші қаза тапты Қайғылы оқиға Бауыртал орман шаруашылығында болған деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Шарбақты аудандық әкімдігінің мәліметінше, өрт сөндіру машинасы ағашқа соғылып, аударылып қалған.
- Салдарынан 1985 жылы туған жауынгер оқиға орнында көз жұмды. 1960 жылы туған жүргізуші ауыр жағдайда, -  дейді әкімдік өкілдері.
Жол апатының себептері анықталуда. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінде жол-көлік оқиғасында екі адам қысылып қалғанын хабарлады.
Жүргізуші Павлодар қаласының ауруханасына санавиациямен жеткізілді.