Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды

17 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық біріншілігі мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Қазақстандық ұлдар (капитаны Сергей Квак) финалда Таиланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Чемпиондық мәселе соңғы, жұптық бәсекеде шешілді. Роберт Каминский мен Гиорги Брегвадзе Дарма Антаратон мен Три Срисеннен басым түсті. Есеп - 7:5, 6:3. Осылайша, қазақстандық ұлдар өз тарихында алғаш рет чемпиондық тұғырға көтерілді. Қыздар құрамасы финалда Таиланд құрамасына жол берді - 0:3. Осыған дейін қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанса, ұлдар 2019 жылы қола, өткен жылы күміс жүлдеге ие болған еді.