Жаңалықтар

Бүгіннен бастап елорда атауы Астана қаласы болып өзгерді

ашық дереккөзі

Бүгіннен бастап елорда атауы Астана қаласы болып өзгерді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлады  turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Жарлық мәтіні: «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының Президенті                                                           Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда,  2022  жылғы  17  қыркүйек №  1017