«Atyray» телеарнасының дикторы өмірден өтті

«Atyray» телеарнасының дикторы өмірден өтті

«Atyray» телеарнасының дикторы өмірден өтті
ашық дереккөзі
«Atyray» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Динара Нұрмолдина небәрі 31 жасында өмірден өтті деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz сайтына сілтеме жасап. Қаралы хабарды онымен бірге қызмет еткен әріптестері жеткізген. Олар оның байсалды, сабырлы, әрі позитивті көңіл-күймен жүретінін еске алады.
«Динара туралы өткен шақта айту өте қиын... Ол өте қарапайым болатын. Бір уыс нанды бөліп жеген әрі әріптесім, әрі досым еді. Жиырма жасымызда танысып, басымыздан небір нәрсені бірге өткіздік. Армандап жүрген баспанамызға да бірге қол жеткіздік. Енді оны қара жердің қойнына қию өте ауыр...», - дейді құрбысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ.