«GGG қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтерді» – Ерлан Қошанов

«GGG қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтерді» – Ерлан Қошанов

«GGG қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтерді» – Ерлан Қошанов
ашық дереккөзі
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Жақанұлы ертеңгі сайыста Геннадий Головкинді қолдауға шақырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Өздеріңізге мәлім, ертең әлемдегі ең үздік боксшының бірі, отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеседі. ​GGG – қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, елдің абыройын асқақтатып жүрген даңқты спортшы. ​Алдағы тартысты жекпе-жекте жерлесімізге жеңіс тілейік және жанкүйер болайық!» деп жазды Ерлан Қошанов фейсбуктегі парақшасында.