Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Абай облысында заңсыз жүрген 6 шетелдік анықталды

Абай облысында заңсыз жүріп-тұрған 6 шетелдік анықталды деп хабаралады turkystan.kz Semeynews.kzке сілтеме жасап. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде базарларды, уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тұрғылықты жерлерін, сондай-ақ құрылыс объектілерін тексерді.

Ертіс қонақ үйіне жүргізілген тексеру барысында облыс аумағында уақытша тұруға рұқсат берілмеген, қай кезден бастап тұрып келе жатқандары белгісіз Өзбекстанның алты азаматы анықталды.

Аталған заңбұзушылықтар үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4, 5-бөліктері бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button