Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлде алды

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлде алды

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлде алды
ашық дереккөзі
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков еркін күрестен қола жүлде алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Әлемдік додада 86 келі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков алғашқы екі белдесуінде кубалық Юриески Кералту мен испаниялық Таймураз Наскидаевтан басым түсті. Ал жартылай финалда АҚШ спортшысы Давид Тейлорға жол берді. Қазақстандық балуан 3-орын үшін сайыста Пуэрто-Рико балуаны Итан Рамосты жеңді. Осылайша, әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созды. Азамат Дәулетбеков 1994 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Бұған дейін Азия чемпионатында 2022 жылы алтын алса, 2018 жылы күміс, 2017 жылы қола жүлде алған.