Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
17 қыркүйекте еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады  turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Қызылорда облысында 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында 17 қыркүйек күні түннің алғашқы жартысында таулы және тау етегі аумағындағы аудандарда, күндіз таулы аймақтарда күшті жел тұрып, найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай кезінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай онайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан тұрып, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жетісу облысының солтүстік, шығыс бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде орталықта және таулы аймақтарда 1-6 градусқа дейін үсік жүреді. Талдықорғанда да түнде 1-3 градус үсік болады. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстікте, оңтүстік-шығыс бөлікте желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда найзағай ойнайды. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 18 метрге жетеді. 17 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде 17 қыркүйекте түнде 2 градус үсік болады.