Рим Папасы ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне бара алмайды

16 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Рим Папасы ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне бара алмайды Ватикан Рим Папасы патшайымның жерлеу рәсіміне қатыспайтынын хабарлады деп жазды  turkystan.kz ВВС-ге сілтеме жасап. Лондонда өтетін жерлеу рәсіміне Рим Папасының орнына Ватиканның сыртқы істер министрі Пол Галлахер барады. Өйткені бірнеше айдан бері Рим Папасының тізе буындары ауыра бастаған. Салдарынан оның жүріп-тұруы қиындай бастаған. Еске салайық, Рим Папасы сырқатына қарамастан 13 қыркүйекте Қазақстанға келіп кетті. Бірақ ол көп жағдайда мүгедектер арбасында отырды.