Қытайдағы ең ірі ғимарат өртенді (ВИДЕО)

Қытайдағы ең ірі ғимарат өртенді (ВИДЕО)

Қытайдағы ең ірі ғимарат өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Қытайдың Чанша қаласындағы ең ірі China Telecom ғимараты өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жалын он қабатты шарпып үлгерген. Өрт жергілікті уақыт бойынша 15:30 шамасында басталды. Оқиға орнына жедел түрде 300-ге жуық өрт сөндіруші мен 36 бірлік арнайы техника келді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер ғимарат бірінші қабатындағы жалынды ауыздықтаған. Онда 35 тонна серверлік жанармай сақталған, 100-ден аса адам зардап шегуі мүмкін. China Telecom ғимараты 2000 жылы салынған және ол кезде қаладағы ең биік ғимарат болатын. 42 қабатты зәулім ғимараттың биіктігі 218 метрге жетеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі белгісіз.