Жаңалықтар

Диана Ерлан: Президентті бір мерзімге сайлау – демократияға қарай жасалған батыл қадам

ашық дереккөзі

Диана Ерлан: Президентті бір мерзімге сайлау – демократияға қарай жасалған батыл қадам

Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Диана Ерлан Мемлекет басшысының жалпы саяси реформаларына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында президенттік өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін, бірақ қайта сайлау құқығынсыз арттыру туралы бастама енгізуді ұсынды. Жолдауда өзекті мәселелердің көтерілгені барлығымыз үшін қуантарлық жағдай болды. Бірқатар тармақтың қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғаны анық. Жеті жылдық президенттік өкілеттілігін қолдаймын. Себебі барлық бағдарлама мен жобаны іске асырып, реттеу үшін ұзақ уақыт қажет. Бұл биліктің жаңа әрі әділетті тепе-теңдігін орнатады. Президенттің қайта сайлауға түсу құқығын шектеу – демократияға қарай жасалған батыл қадам», - деді Диана Ерлан.