Қайтыс болған алматылық азаматтың 1 миллиард теңгесін ұрламақ болғандар сотталды

Қайтыс болған алматылық азаматтың 1 миллиард теңгесін ұрламақ болғандар сотталды

Қайтыс болған алматылық азаматтың 1 миллиард теңгесін ұрламақ болғандар сотталды
ашық дереккөзі
Екі алаяқ қайтыс болған алматылық азаматтың банктегі шотынан 1 миллиард теңге ұрламақ болған деп хабарлады turkystan.kz. Ведомство мәліметінше, әйел мен ер адам қайтыс болған алматылық азамат оларға ақша қарыз болған деп сотқа талап арыз түсірген. Олар жалған құжаттарды дайындап, сотта жеңіске жеткен. Сот өкімі нәтижесінде банк ақшаны өндіріп алушыға аудару мақсатында сот орындаушысының ағымдағы шотына түсірген.
«Қайтыс болған азаматтың жұбайы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарласқан. Нәтижесінде алаяқтар қылмыстық әрекеттерін соңына жеткізе алмаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында және сотта марқұмның іс жүзінде ешкімде қарызы болмағаны анықталды», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен алаяқтар түрлі мерзімге сотталды. Апелляциялық сот күшіне енген үкімді өзгеріссіз қалдырды.