Жаңалықтар

Жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 алматылық зардап шеккен

ашық дереккөзі

Жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 алматылық зардап шеккен

Алматыда жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, 7 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі - балалар. Қалғандары амбулаторлық ем алуға жіберілген. Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Исабеков Нұржанның айтуынша. 4 ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. "Зардап шеккендердің басым бөлігінің көз алмасы соғылған, беттерін күйік шалып, түрлі жарақат алған, сондай-ақ, зардап шеккендердің құлақтарына зақым тиген", - деді бас хирург. Ауруханаға жеткізілгендердің ең кішісі - 6 жаста болса, үлкені - 48 жаста. "Жеткізілген науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаларда жатыр", - деді Исабеков жедел жәрдем қызметінің жаңа жыл түні әдеттегідей жұмыс істегендерін айта отырып.