Жаңалықтар

Тикток ролигін түсірген қазақстандық сарбаздар марапатталды

ашық дереккөзі

Тикток ролигін түсірген қазақстандық сарбаздар марапатталды

«Бауырым, сені күтеміз» бейнеролигі кеңінен таралып, TikTok әлеуметтік желісінде жарты миллионнан астам қаралым жинаған. Бұл туралы turkystan.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөзіне сілтеме жасап хабарлады. Сарбаздар тарапынан болған мұндай қызығушылықты ескере отырып, Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздар арасында TikTok әлеуметтік желісіндегі әскер жайлы үздік бейнероликке байқау жариялады. Жеңімпаз қаралым және «лайк» санымен анықталған. Аз ғана уақыт ішінде Қарулы күштерде борышын өтеп жүрген сарбаздар 100-ге жуық бейнеролик шығарып, олардың 25-і байқау ережесі мен форматына сай келіп, TikTok әлеуметтік желісіндегі «QazaqArmy» парақшасында жарияланды. Мұндайда әскери қызметшілер де әскерге шақырылғанға дейін өздеріне мәлім әуес істерін тез еске алып, ынта-жігермен кірісіп кетті. Байқау қорытындысы бойынша, Әуе қорғанысы күштерінің кіші мамандарын даярлау оқу-жаттығу орталығының курсанты Нұрболат Әділбай бірінші орынды иеленді. Оның түсірген «Бауырым, сені күтеміз» ролигі 502 мыңнан астам қаралым және 43,5 мың «лайк» жинап, үздік деп танылды.