Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттады

15 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттады Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы ай басынан бері 0,3%-ға, жыл басынан бері 19,3%-ға өскен деп хабарлады  turkystan.kz. Бір жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар 19,5%-ға қымбаттады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары. Өткен аптада қымбаттаған тауарлар: Өткен аптада арзандаған тауарлар: Сонымен қатар 13 қыркүйекте кейбір өнімдердің орташа бағасы көрсетілген: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар, оның ішінде: ұн, нан, макарон өнімдері, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және сары май, еттің кейбір түрлері (сиыр еті, тауық еті), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз кіреді.