Қырғыздар Рим Папасына қалпақ сыйлады

Қырғыздар Рим Папасына қалпақ сыйлады

Қырғыздар Рим Папасына қалпақ сыйлады
ашық дереккөзі
Қазақстанға арнайы келген Қырғызстанның католиктік шіркеуінің өкілдері понтификке қырғыздардың ұлттық қалпағын сыйлады деп хабарлады turkystan.kz. Қалпақта Қырғызстан мен Ватиканның жалаулары тігілген. Жауап ретінде ол жақында Бішкекте салынатын жаңа католик шіркеуіне сәттілік тіледі. Арнайы топ Рим Папасына шіркеу іргетасына қаланатын кірпіш те ала келген екен.  width= Рим Папасы Ватиканда көп шаруасы барын, егер Қырғызстан сияқты христиандар аз елде католиктер көмекке мұқтаж болса, қатты айғайласын деп әзілдеді.
«Анасы сүт бергенін қалайтын сәбидей айқайлаңыз. Ана әрқашан баланы ақырында естиді және тамақтандырады», - деді Рим Папасы Франциск.
Айта кетейік, Рим Папасымен ресми кездесуге Қырғызстаннан 50 адам келген.