«Самұрық-Қазына» қызметкерлері қанша жалақы алады?

«Самұрық-Қазына» қызметкерлері қанша жалақы алады?

«Самұрық-Қазына» қызметкерлері қанша жалақы алады?
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» қорында басқарушы персоналдар үшін төленетін жалақы көлемі айтылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде қор қызметкерлерінің жалақысын мемлекеттік қызметшілердің жалақысымен салыстыруға келеді. Үш деңгейлі жалақы деген түсінік жоқ. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорында әділ еңбекақы төлеу жүйесі бойынша нақты ережелер әзірленді. Оның ішінде негізгі және жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақы төлеу де бар. Жалақы мен сыйақы тағайындауда жұмысшының жеке және корпоративтік қызмет көрсеткіштері ерекше ескеріледі», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жалақы мәселесі толығымен қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.
«Бізде басқарушы персонал орта есеппен 950 мың теңге, ал менеджерлер шамамен 400 мың теңге жалақы алады», - дейді ол.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» басшысы қорды реформалаудан кейін қызметкерлер саны 248-ден 124-ке дейін қысқарғанын айтты. Оның ішінде басшылар саны екі есе, яғни 10-нан 5-ке дейін азайған.