Жаңалықтар

Полиция тойда аспанға оқ атқан жамбылдыққа қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Полиция тойда аспанға оқ атқан жамбылдыққа қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Жамбыл полициясы той үстінде аспанға оқ атқан ер адамға қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері өз тойында аспанға қарумен оқ атты деген ақпарат тараған болатын. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында оқ атқан азаматтың 28 жастағы уақытша жұмыссыз, Тараз қаласының тұрғыны екендігі анықталып, оның полиция қызметкері еместігі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істемегені белгілі болды. Оқ атылған «Сайга» аңшы мылтығы заң жүзінде осы азаматтың атына тіркелгені және 2021 жылдың 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені де анықталды. Қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.