«Бір орыс әйел тұр екен. Қарап тұрып «Сіз қазақ емессіз ба?» деді. «Қазақпын» дедім. Қазақ ақыны бар еді, Давлатов деген. Дулатовты айтып тұр ғой. «Иә, бар» дедім. Сол кісі осы жерде лагерьде дәрігер болған деді. Кейін оны осы жерге жерлеген деп айтты», – дейді міржақыптанушы, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет.Сөйтіп, Алаш арысының бейіті табылып, оны алып келуге Қазақстаннан бірнеше адам аттанды. Соның бірі – режиссер, зерттеуші Қалила Омар. Мәйітті қайта қазуға барған режиссер Қалила Омар Міржақыптың бас сүйегінің жағы елге әкелгенде бірақ ажырағынын айтады.
«Жағың ажырамай, жамандық көрме деген сөз бар қазақта. Мұны бұрын түсінбейтін едім. 56 жылдан кейін Міржақыпты қазып алған кезде, бассүйегін. Шашы қап-қара, тіп-тік. Бассүйекті алып қойған кезде, мақтамен көмкеріп аппақ киізге. Мен айттым осылай жасаймыз деп. Қойған кезде жағы ажырады. Міржақып киелі адам ғой. Бөтен елде қанша жыл жатып, туған жеріне келіп, кіндік қаны тамған жерге әкелгенде жағы ажырады. Сөйтіп, Міржақыпты жерледік», – дейді зерттеуші Қалила Омар.Гүлнар Міржақыпқызы тектіден қалған жалғыз тұяқ еді. Міржақыптың балалары жастай шетінеп кетті. Оған бес бала: үш ұл мен екі қызға әке болуды жазған екен. Содан тірі қалғаны осы Гүлнары ғана. Ол әке аманатына адал болды. [caption id="attachment_196626" align="alignnone" width="1763"]
Міржақып Дулатов, Гүлнар Дулатова, Ғанижамал Дулатова[/caption]