Отандастар қоры қоғамдық қабылдаулар өткізді

Отандастар қоры қоғамдық қабылдаулар өткізді

Отандастар қоры қоғамдық қабылдаулар өткізді
ашық дереккөзі
«Отандастар қорының» қызметкерлері Ақтау қаласында Түрікменстаннан көшіп келген этникалық қазақтар үшін қоғамдық қабылдаулар өткізді.  Қабылдауда қандастарды қоныстандыруға басымдыққа ие облыстарға орналасу жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізді.
 «Республикаға визалық режимдегі елдерден келген қандастарды қабылдау, қоныстандыру және бейімдеу бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қадамдық алгоритм әзірлегені айтылды. Осы алгоритмге сәйкес этникалық қазақтар визада көрсетілген өңірлерге тұрақты тұруға міндетті екені түсіндірілді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар этникалық қазақтар субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы болатыны тілге тиек етілді.  width= 200-ден астам қандас басымдыққа ие өңірлерге көшуге келісімін беріп отыр. Қазіргі таңда Түрікменстаннан Қазақстанға 782 этникалық қазақ көшіп келген. Олардың 118-і визада көрсетілген өңірлерге қоныстанған.  width=
 «Айта кетсек, отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге) беріледі. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін төлем 1 жыл ішінде ай сайын тағайындалады. Төлем мөлшері қалаға қоныс аударған бір адам үшін 20 АЕК-тен (61,3 мың теңге) отбасы мүшелерінің саны бес және одан да көп болса 30 АЕК-ке (91,9 мың теңге) дейін, ауылдық жерге қоныс аударған бір адам үшін – 15 АЕК-тен (45,9 мың теңге) отбасы мүшелерінің саны бес немесе одан да көп болса 21 АЕК-ке (64,3 мың теңге) дейінгі мөлшерді құрайды», - делінген хабарламада.
Отандастар қоры қоныс аударушы қандастардың ҚР азаматтығын алғанға дейінгі қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды ары қарай да жалғастырады.