Президенттің діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Президенттің діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Президенттің діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Аса қадірлі меймандар! Құрметті Съезге қатысушылар! Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналды. Дүние жүзіндегі беделді дінбасылар бір шаңырақтың астына жиналды. Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға зор алғыс айтамын. Сондай-ақ біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға рақметімді айтқым келеді», - деді Мемлекет басшысы.