Елордада демалыс күндері Жетісу облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Елордада демалыс күндері Жетісу облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Елордада демалыс күндері Жетісу облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
ашық дереккөзі
Елордада 17 және 18 қыркүйек күндері дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласында Алматы және Жетісу облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Екі өңірдің тауар өндірушілері елордаға 459 тонна өнім әкеледі. Оның ішінде: 84 тонна – көкөніс, 62 тонна – жеміс-жидек, 48,7 тонна – картоп, 41,5 тонна – ет, 9 тоннадан астам – сүт өнімдері, 8 тонна – балық, 500 кг бал, сондай-ақ 189 тонна өзге де өнімдер бар. Мәселен, Жетісу облысы 54 тауар түрін, Алматы облысы 42 түрін ұсынады. Олардың арасында өсімдік майы, қант, ұн, жарма, ұлттық сусындар және басқалар бар. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды. Естеріңізге сала кетсек, аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен болады. Айта кетсек, жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 13 қарашаға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран, 48 мекенжайында орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң. Келесі демалыс күндері, яғни 24-25 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.