Елордаға жылу қашан беріледі?

Елордаға жылу қашан беріледі?

Елордаға жылу қашан беріледі?
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан әкімдігі жылыту маусымына дайындық басталғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Елордада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура бес күн бойы плюс он градустан төмен болғанда басталады. Бүгінде алдағы жылу беру маусымына дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Электр қосалқы стансаларына жөндеу жұмыстары аяқталды, барлық су құбыры және канализация желілері дайын», - деді Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов.
Оның айтуынша, жылу және электр желілері нысандарын күрделі жөндеу қыркүйектің соңына дейін, ал білім және денсаулық сақтау нысандарын дайындауды 23 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып жатыр. Тұрғын үй қорының жылуды қосуға дайындығы бүгінде 85 пайыз.
«Құрылысы аяқталмаған үйлердің тұрғындарына өтініш білдіргім келеді. Үйлеріңізді жылыту маусымына дайындауға белсене атсалысыңыздар, меншік иесі немесе жалға алушы болсаңыздар да, жалпы жиналыстарға қатысуларыңызды сұраймын», - деп сұрады Байсадықов.