Жаңалықтар

Қостанайдағы өртке байланысты мекеме басшысы қамауға алынды

ашық дереккөзі

Қостанайдағы өртке байланысты мекеме басшысы қамауға алынды

Қостанай облысындағы орман өрттеріне байланысты «Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. Қостанай облысының прокуратурасы осы жылдың 13 қыркүйегінде «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады. «Сол күні мекеме басшысы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 15 қыркүйекте сот мекеме басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп жазылған Қостанай облысының прокуратурасы таратқан хабарламада. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Тергеу жалғасып жатыр.