Жаңалықтар

Астана атауын қайтаруға қанша қаражат кетеді?

ашық дереккөзі

Астана атауын қайтаруға қанша қаражат кетеді?

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов Астана атауын атауын қайтаруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Елордалық мәслихат депутаттары онлайн форматтағы көпшілік тыңдауда елорда атауын өзгерту мәселесін талқылады. «2019 жылмен салыстырғанда барлық мемлекеттік орган 100% цифрлық құжат айналымы форматына көшті. Жалпы, 2019 жылы әкімдік маңдайшаларды, бланкілер мен мөрлерді ауыстыруға 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Менің ойымша, биыл цифрлық құжат айналымына көшуді ескерсек, шығын әлдеқайда аз болады. Себебі қазір көптеген мемлекеттік орган ресми түрде бланкімен ештеңе жібермейді, ЭЦҚ қолданады», - деді Ерлан Каналимов 2 қыркүйекте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді. Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, депутаттардың ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген.