Зеленский жол апатына түсті

Зеленский жол апатына түсті

Зеленский жол апатына түсті
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров президент мінген көлік Киевте жол апатына түскенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Киевте Украина президенті мінген және оның артынан еріп келе жатқан көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Мемлекет басшысының жанындағы дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге табыстаған. Дәрігер, сондай-ақ, президенттің де жағдайын тексеріп, алаңдайтын жарақат жоқ екенін айтты. Жол апатының анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайды», - деп жазған баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында.