«Канело» Головкинмен жек-жектегі басты мақсаты не екенін айтты

«Канело» Головкинмен жек-жектегі басты мақсаты не екенін айтты

«Канело» Головкинмен жек-жектегі басты мақсаты не екенін айтты
ашық дереккөзі
Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен айқастан не күтетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап. «Бұл айқастағы менің басты мақсатым - нокаут жасау. Дегенмен, нокаут болса болды, болмаса, онда 12 раунд айқасамын. Қателіктерімді қайталамауға тырысамын, боксты әлі де сүйемін. Біраз бұлшық ет тастауға тура келді, бірақ, екінші орта салмақта өзімді жайлы сезінемін. Головкин әлі де сол күйі: ол күшті, соққы көтере алады және өте ауыр ұрады», - дейді мексикалық боксшы.