Жаңалықтар

Жетісуда мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды

ашық дереккөзі

Жетісуда мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды

Жетісу облысында мотоцикл мінген оқушы қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында болған. «14 жастағы оқушы қытайлық мотоциклді басқарып, екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатқан кезде Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан», – деп жазылған Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомствоның мәліметі бойынша, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.