Бүгін еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді
ашық дереккөзі
Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін, 15 қыркүйекте еліміздің  басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүреді деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамына сәйкес, батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде жаңбыр мен сулы қар түрінде түседі. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абау облысының солтүстігінде -1-3 градус үсік жүреді. Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +16+18°С болады. Ал Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С болады. Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.