Рим Папасы Димаш Құдайбергенге медаль табыстады
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқан танымал әнші Димаш Құдайберген Рим Папасымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесу жайлы әнші Insagram-дағы парақшасында жазған.
«Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз узақ болсын. Ағатайды да @kanat_sveta_aitbayevtar сыйлығымен құттықтаймыз!» деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, бүгін Рим Папасы Франциск EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында қасиетті мессаны өткізді.