Жаңалықтар

Руслан Желдібай ҚХР Төрағасының сапарына байланысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Руслан Желдібай ҚХР Төрағасының сапарына байланысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарына байланысты әлеуметтік желіде пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгін елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келді. Бұл оның пандемиядан кейінгі шетелге жасаған алғашқы сапары. Президент Қытай басшысын әуежайда өзі күтіп алып, құрмет көрсетті. Кейін «Ақордада» кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз өтті. Кездесу барысында көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауылшаруашылық салаларының мәселелері мен трансшекаралық өзендер жайы талқыланды. Президент Қазақстан мен Қытай арасында жаңа «алтын 30 жылдық» кезең басталды деді. Бұл мәлімдеме екі ал арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екеніне дәлел. Себебі халықаралық дипломатияда әрбір сөздің құны бар» деп жазды Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосқаны үшін Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттағанын еске салды. «Өз кезегінде Қытай басшысы «Қытай Қазақстанмен қарым-қатынастарға ерекше мән береді. Біз қандай жағдай болса да, Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттілігін, территориялық тұтастығын сақтауына қолдау білдіреміз. Қазақстан мен Қытайдың достығы жаңа деңгейге шығатынына кәміл сенемін» деп елімізге құрметін көрсетті. Бүгінгідей күрделі геосаяси жағдайда көрші елдермен ынтымақта, достық байланыста болу аса маңызды екені даусыз», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.