«Стилін жақсы білемін»: Головкиннің бапкері сұхбат берді

«Стилін жақсы білемін»: Головкиннің бапкері сұхбат берді

«Стилін жақсы білемін»: Головкиннің бапкері сұхбат берді
ашық дереккөзі
Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс алдағы трилогия жайлы ойымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Геннадий мен Саульдің айқастарын талай адам көріп жүр ғой. Сондықтан «Канелоның» стилін жақсы білемін. Ол Головкинмен өткізген екі жекпе-жегінде панчер ретінде көзге түспеді. БАҚ өкілдері қазақстандық боксшының жасына қатысты көп жазып жүр. Көпшілік оның спорттан кету керектігін де айтуда. Бірақ Головкин бабында. Ол әлі біразға дейін қолғап түйістіре алады. Алдағы трилогияда Геннадий Головкин жеңіске жетеді деп ойлаймын», - дейді Бэнкс BoxingScene сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы айқас 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.