Ақтөбе облысында қырғыз елінің азаматы көз жұмды

Ақтөбе облысында қырғыз елінің азаматы көз жұмды

Ақтөбе облысында қырғыз елінің азаматы көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы мерт болды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында көлік апатқа ұшырап, соның салдарынан 1 адам мерт болды. ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғыз Республикасының азаматы, рөлді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып қалған. Апат салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғыз Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  width=