Жаңалықтар

Ақтөбе облысында қырғыз елінің азаматы көз жұмды

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында қырғыз елінің азаматы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы мерт болды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында көлік апатқа ұшырап, соның салдарынан 1 адам мерт болды. ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғыз Республикасының азаматы, рөлді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып қалған. Апат салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғыз Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.