Әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова финалға шықты

Әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова финалға шықты

Әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова финалға шықты
ашық дереккөзі
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен финалға жолдама алды деп хабарлады turkystan.kz. Дүбірлі додада 72 келі салмақта бақ сынаған Жәмила румыниялық Александра Ангелмен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қарсыласын 12:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ол ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы айқын басымдықпен жеңген болатын. Жәмила Бақбергенова 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Ересектер арасында 2021 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Еске салсақ, бұдан бұрын грек-рим күресінен қазақстандық Айдос Сұлтанғали екінші мәрте қола жүлдегер атанды.