Жаңалықтар

Қазақстандықтар елорда атауын өзгерту жайлы онлайн тыңдауға қатыса алады

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар елорда атауын өзгерту жайлы онлайн тыңдауға қатыса алады

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты азаматтарды қала атауын өзгерту жайлы онлайн тыңдауға қатысуға шақырды деп хабарлады  turkystan.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. «15 қыркүйек сағат 10:00-де осы мәселе бойынша онлайн тыңдаулар өтеді. Әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланған немесе қала мәслихатының maslihat_org@mail.ru поштасына жіберілген ұсыныстар есепке алынып, ертең жарияланады», - делінген ақпаратта. Онлайн жария тыңдауларға қала тұрғындары және тілек білдірушілер елорда мәслихатының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы қатыса алады. БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады. Айта кетейік, ертең елорда мәслихатында сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге қатысты мәселе қаралады. Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі: Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы. Еске салсақ, бұған дейін ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Күн тәртібіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе талқыланды.