Жасанды ұрықтандыру арқылы Қазақстанда 2 мың бала дүниеге келді

Жасанды ұрықтандыру арқылы Қазақстанда 2 мың бала дүниеге келді

Жасанды ұрықтандыру арқылы Қазақстанда 2 мың бала дүниеге келді
ашық дереккөзі
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын», - делінген хабарламада.
Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.