Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді

Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді

Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Жаңақорған аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов тұрғындарға арналған қабылдау өткізді. Қабылдауда Әбдіғаппар ауылының тұрғыны Маржан Агадилова болды. Ол 6 баласы бар жалғызбасты ана екенін айтып, әлеуметтік көмек сұрады. Өз кезегінде Арман Мажитов «Мектепке балаларды даярлайық» акциясы аясында демеушілер есебінен 1 баласына мектепке керекті құрал-жабдықтар беріп көмектесті. Өтініш иесі партия филиалының қолдауына ие болғаны үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді.