Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді

14 қыркүйек, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді Жаңақорған аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов тұрғындарға арналған қабылдау өткізді. Қабылдауда Әбдіғаппар ауылының тұрғыны Маржан Агадилова болды. Ол 6 баласы бар жалғызбасты ана екенін айтып, әлеуметтік көмек сұрады. Өз кезегінде Арман Мажитов «Мектепке балаларды даярлайық» акциясы аясында демеушілер есебінен 1 баласына мектепке керекті құрал-жабдықтар беріп көмектесті. Өтініш иесі партия филиалының қолдауына ие болғаны үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді.