Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Биылғы жылы әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде деп хабарлады turkystan.kz. Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, халықтың сүйікті әншісінің мерейтойы Ресейде де тойланып жатыр. Бүгін Мәскеу қаласында фотокөрме ашылып, мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
«Осындай ірі іс-шаралар Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де өткізіліп жатқаны қуантады. Мұндағы фотосуреттердің әрқайсысы Роза Бағланованың мағыналы өмірінің жарқын сәттерін ғана емес, сонымен бірге бүкіл дәуірдің өрлеуін де бейнелейді», - деді министр Дәурен Абаев ХШЖК-де көрменің ашылуы аясында.
Фотокөрмеде артистің өмірі мен шығармашылығының әртүрлі қырын танытатын 30-дан астам бірегей фотосурет қойылған. Дәурен Абаевтың айтуынша, әншінің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енген. Ал қазан айында ұйымның штаб-пәтерінде Роза Бағланованың құрметіне үлкен концерт жоспарланған. Сондай-ақ қараша айында Қазақстан астанасында халықаралық вокалистер байқауы өтеді.