Елордада мәслихат депутаттары астана атауына қатысты мәселені қарайды

Елордада мәслихат депутаттары астана атауына қатысты мәселені қарайды

Елордада мәслихат депутаттары астана атауына қатысты мәселені қарайды
ашық дереккөзі
Ертең елорда мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге қатысты мәселе қаралады деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі: Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін елорданың атын өзгерту жөнінде ономастикалық комиссияның отырысы өтті. Ономастика комиссиясының отырысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» РММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбсеметов, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Т.Қышқашбаев, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры Ербол Тілешов, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы сөз алып, аталған ұсыныс жайлы оң көзқарастарын білдірді. Ономастика комиссиясының мүшелері елорданың атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.