Қызылша жұқтырғандар көбейді

Қызылша жұқтырғандар көбейді

Қызылша жұқтырғандар көбейді
ашық дереккөзі

Елімізде биыл қызылша ауруын жұқтырғандардың қатары 13 есеге артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында қызылшамен ауырғандар саны 1121-ге жеткен, ал бұл көрсеткіш өткен жылы 84-ке тең болған екен. Қазақстандықтардың денсаулығы үшін жауап беретін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қызылшамен сырқаттанғандар қатарының артуына қызылшаға қарсы екпе жұмыстарын тоқтату себеп болды деп отыр. «Соңғы 3 жылда қызылшамен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайының өршуі бүкіл әлемде байқалды. Яғни, Батыс Еуропада қызылшаның 100 мыңнан аса жағдайы, ТМД елдерінде (Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан) 14 мыңнан аса жағдай тіркелген», – деп мәлімдеді аталмыш ведомство. Наурыз айында Астанада Еуропа аймағын қызылшаға қарсы иммундау мәселесіне байланысты ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Сантьяго жұқпалы аурулар университеттік клиникалық ауруханасының басшысы Федерико Мартион Торрес қызылшаның алдын алу үшін вакцина жасау қажеттігін айтқан. Бұл әдісті тиімді пайдалану үшін Қазақстанның Бас санитары 2015 жылы 15 қаңтардағы қаулысы бойынша 15-19 жас аралығындағы адамдарға қызылшаға қарсы екпе жасау туралы шешім шығарған. Бірақ аталмыш екпеден кейін ауруханаға түскен оқушылар мен студенттер қатары күрт артып, вакцинациялау уақытша тоқтатылған.