Сүмбе өзеніне қатысты Қазақстан мен Қытай қандай келісімге қол қойды?

Сүмбе өзеніне қатысты Қазақстан мен Қытай қандай келісімге қол қойды?

Сүмбе өзеніне қатысты Қазақстан мен Қытай қандай келісімге қол қойды?
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзеніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы turkystan.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісімге Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.
«Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», - деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.
Айта кетсек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті.