«Канело» Головкинмен төртінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты

«Канело» Головкинмен төртінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты

«Канело» Головкинмен төртінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты
ашық дереккөзі
Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қарсыласы Геннадий Головкинмен төртінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Менің Головкинмен бақталастығым бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Болашақ туралы айтпас бұрын сенбіде не болатынын көрейік. Үшінші жекпе-жектің аяқталуын күтеміз», - деді Альварес америкалық журналистерге.
Қазақстандық және мексикалық боксшы алғаш рет 2017 жылы шаршы алаңда кездесті, содан кейін олардың жекпе-жегі тең аяқталды. Бір жылдан кейін судьялар «Канелоны» көпшілік дауыспен жеңімпаз деп таныды. Осы жылдың 18 қыркүйегінде Головкин мен Альварес көптен күткен трилогияның финалын өткізеді.