Жаңалықтар

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды

ашық дереккөзі

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды деп хабарлады turkystan.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. Ведомство оқиғаның бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болғанын мәлімдеді. Көрші елдің әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген уағдаластықты бұзған. Қырғыз Республикасы шекарашылары Тәжікстанның шекара отрядын тапты. «Қырғыз тарапының аумақтан шығу туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша дүркін-дүркін атыс болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Баткен шекара отрядының бастығы аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының бастығы, полковник Қиялбек Төленбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының бастығы, генерал-майор Х.Пиракзода арасында қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр», - деп жазылған ведомство хабарламасында.