Көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңге айыппұл өндірілді

Көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңге айыппұл өндірілді

Көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңге айыппұл өндірілді
ашық дереккөзі
Маңғыстауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Биыл көші-қон саласының қызметкерлері ел аумағында болу заңнамасын және басқа да әкімшілік құқық бұзған бес мыңнан астам шетелдікті жауапкершілікке тартқан. Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, 407 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды. Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылған.